Ауыл шаруашылығы: Маман тапшы, бірақ түлектер тарапынан белсенділік жоқ

1032

Педагогиканы бітіргендердің 28%-ы мамандығы бойынша жұмысқа орналаспайды.  

Ауыл шаруашылығы: Маман тапшы, бірақ түлектер тарапынан белсенділік жоқ

Ауыл шаруашылы саласы бойынша білім алғандардың 7%-ы ғана мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Бұл туралы онлайн брифингте "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Педагогика бойынша білім алған түлектердің 51%-ы мамандығы бойынша жұмысқа орналасса, 28%-ы мамандығына еш қатысы жоқ жұмыс табады, 21%-ы 12 ай ішінде жұмыс таппайды. Ал "Құрылыс және қала құрылысы" мамандығын бітірушілердің 47%-ы мамандығына қатысы жоқ жұмысқа орналасса, 34%-ы ғана мамандығы бойынша еңбек етеді", – деді спикер.  

Ал ең төмен көрсеткіш Ауыл шаруашылығы саласында. Мұнда түлектердің 7%-ы ғана мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. 

"Ал бұл агроөнеркәсіптік кешендегі және ауылдағы мамандардың үлкен тапшылығына алып келеді. Сектордағы жалақының орташа деңгейі айтарлықтай жоғары болғанына қарамастан осындай жағдай қалыптасқан. Қазірдің өзінде ауылшаруашылық компанияларының жалақысы аз деген "аңыз" бар. Шын мәнінде олай емес. Маман тапшылығы бар, бірақ түлектер тарапынан белсенділік жоқ", – деп есептейді Олжас Ордабаев.

Сондай-ақ рейтинг жұмыс берушілердің 55%-ы білім беру бағдарламаларының сапасына қанағаттанатынын көрсетті. 

"Респонденттердің 35%-ы білім беру бағдарламалары қанағаттанарлық, бірақ жетілдіруді қажет етеді деп топшылайды. Бағалауға "ПетроҚазақстан", "Қазақстан теміржолы", "ҚазМұнайГаз", "Қазақтелеком", "НИС" сияқты өз салаларындағы жетекші компаниялардың өкілдері қатысты", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу