2025 жылдың қаңтар-қазан айларында салаға бағытталған инвестиция көлемі 1,7 есеге өсіп, 9,5 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы "QazIndustry" АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Өсім көрсеткіштеріне Шығыс Қазақстан облысында жылына 500 бірлік жаңбырлатқыш машиналарын өндіретін "Еrtis Bereke Oskemen" компаниясының және Жетісу облысында жылына 960 бірлік жаңбырлатқыш машиналарын құрастыратын "Jetisu Agro Complex" компанияларының жобаларын іске қосу ықпал етті", – делінген хабарламада.
Аталмыш екі жоба бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 8,1 млрд теңгені құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу