Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың ұлттық орталығы құрылады

640

Былтыр отандық зауыттар 13 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын шығарған. 

Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың ұлттық орталығы құрылады

Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың ұлттық орталығы құрылады, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елімізде ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамыту – басымдыққа ие мемлекеттік міндеттің бірі. Осы ретте отандық ауыл шаруашылығы техникаларын жасауды қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың ұлттық орталығы құрылатын болады. Қазіргі күнде бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Себебі елімізде аграрлық секторда ресурстар жеткілікті және бұл өнімдерді тұтынушылар саны басым", – деді Индустриялық даму комитетінің төрағасы төрағасы Ілияс Оспанов "Ашық сағат алаңында".

Ілияс Оспановтың айтуынша, өткен жылы қазақстандық зауыттар 183 млрд теңге сомасында 13 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын шығарған. Бұл тараптағы өндірістің жылдық өсімі 130 пайызды құрап, 2,3 есеге артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу