Ауыл шаруашылығы министрі ақтөбелік фермерлермен кездеседі

1125

Бұл туралы Министрдің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан Facebook-тегі парақшасында хабарлады.  

Ауыл шаруашылығы министрі ақтөбелік фермерлермен кездеседі

Хабарламада жазылғандай, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров екі күндік жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы аймақтағы фермерлермен кездесіп, егін жинау барысын тексеру үшін бірқатар шаруашылықты аралайды. Атап айтар болсақ, Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжін, "Мурагер-22" ЖШС африкалық сом өсіретін зауытын, "Милкер" жем зауытын, "Мұғалжар жылқысы" ЖШС, "Пригородное" элиталық тұқым фермасын, Ақтөбеде ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесімен танысады.

Сондай-ақ, министр "Айс" ЖШС тауарлы-сүт фермасын кеңейту, Еуропа Қайта Құру және даму банкінің есебінен "Рад-Агро" ЖШС-дегі  және "Милкер" ЖШС-нің суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жобалардың іске асырылуын тексереді.

Сапархан Омаров фермерлермен жоңышқаны Қытайға экспорттауға рұқсат алу және сүт фермаларын құруға жеңілдетілген несие беру мәселелерін талқылайды.

Сапар соңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі "Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС үшін жақында ғана сатып алынған ауыл шаруашылық техникаларының жұмысымен танысады.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақмола және Қарағанды облысындағы егін жинау жұмыстарының барысын, аграрлық саладағы жаңа жобалардың жүзеге асырылуын тексерген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу