Алаяқтар елді алдаудың жаңа бір әдісін тапты. Олар ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің атын пайдаланып, елден қарызға ақша сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі
Егер сізден ауыл шаруашылығы министрі қарызға ақша сұраса, көмектесуге асықпаңыз. Себебі бұл министр Айдарбек Сапаровтың атын пайдаланып отырған нағыз алаяқтар. Алдаудың жаңа түріне көшкен олар қазақстандықтарға қоңырау соғып, хабарлама жазған.
Министрлік, азаматтарды ақша аудармауға және күмәнді сілтемелерге кірмеуге шақырды. Айтуларынша, олардың басты мақсаты қомақты ақша алу.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу