Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сиыр етінің бағасы қандай болуы керек деген сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Журналистер "Желіде шаруалардың бірі сиыр етінің бағасы келісі үшін 10-12 мың теңге болуы керек екенін айтты. Еттің нақты бағасы қанша болуы тиіс?" деп сұрады.
"Фермерлер бір келі 10-12 мың теңгеден болуы керек дегенде экспорттық бағаны айтып отыр. Бүгінгі таңда экспорттық баға еттің санатына байланысты 4,5 мың теңгеден басталып, 6 мың теңгеге дейін жетеді. Бұл еттің қоңдылығына қарай өзгереді, баға соған байланысты қалыптасады. Ал ішкі нарықтағы ет бағасы тірі салмаққа келісіне 1,6-1,8 мың теңге аралығында. Бір уақытта ол 2 мың теңгеге дейін жеткен, ал қазір орташа есеппен 1,7 мың теңге болып отыр. Егер осы 1,7 мың теңгені ет бағасына шақсақ, онда ішкі нарықтағы көтерме баға 3-4 мың теңге болады", – деді Айдарбек Сапаров.
Айта кету керек, бұған дейін отандық ірімшіктің сапасы импорттық өнімдерден еш кем түспейтінін жазғанбыз.