Ведомство баспасөз-қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Сапархан Омаров көктемгі дала жұмыстарының жайымен танысып, ірі тұқым өсіру шаруашылығында болды.
Ауыл шаруашылығы министріне өңірдегі әкімдік өкілдері егін науқанының жай-күйін толықтай таныстырды. Бүгінгі таңда жер жырту, ылғалды жабу және күздік дақылдар мен көпжылдық шөптерді егу жұмыстары толығымен аяқталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу