Әріптестерімен бірге Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров та оқшауланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жанжігіт Омарханның хабарлауынша, Сапархан Омаров коронавирус бойынша тесттен өтіп, оның КВИ жұқтырмағаны анықталған. Алайда КВИ-ден емдеу және диагностика хаттамасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрі белгілі бір уақыттан кейін қайтадан тесттен өтуі тиіс. Оған дейін министр оқшауланады. Жұмысын министр кесте бойынша видеоконференция тәртібімен жалғастыра бермек.
Хабарланып отырғандай, Сапархан Омаров мемлекеттік органдардың өзге өкілдерімен, оның ішінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен жұмыс барысында жақын қашықтықта болған.
Қазіргі таңда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқшауланды.