Ауыл шаруашылығы министрлігі 500 ірі жоба дайындады

353

Президент Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринді қабылдады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі 500 ірі жоба дайындады Фото: Inbusiness.kz

Президенттің қабылдауында болған Серік Жұманғарин өзі жетекшілік ететін сауда, интеграция, ауыл шаруашылығы салаларындағы қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар, сонымен қатар Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

2024 жылы ЕАЭО-ғы бес елдің интеграциялық бірігуіне 10 жыл толады.

Министрдің айтуынша, ЕАЭО құрылған уақыт ішінде Қазақстанның серіктестермен арадағы өзара сауда айналымы 74 пайызға өскен (2015 жылы – 16,3 миллиард доллар, 2022 жылы – 28,3 миллиард доллар). Ал, экспорт 90 пайызға артқан (2015 жылы – 5,1 миллиард доллар, 2022 жылы – 9,7 миллиард доллар).

Министр агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу көлемін 30 пайыздан 70 пайызға дейін ұлғайту туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады.

"Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені саласында 2024-2026 жылдары жүзеге асырылатын 500 ірі әлеуетті жоба дайындаған. Оның жалпы құны – 1,6 триллион теңге. Алғаш рет екінші деңгейдегі отандық банк бұл жобаларды іске асыру үшін 500 миллиард теңгеге жуық өз қаржысын салуға дайын екенін жеткізді. Жақын арада әлеуетті жобалардың тізімі жаңартылады", - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасарына ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылауды күшейту және халықаралық деңгейде жоспарланған іс-шаралардың сапалы дайындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу