Астық жинау қорытындысы бойынша биыл елімізде 20 млн 839,4 мың тонна дәнді және бұршақ дақылдары бастырылды. 15 млн 789,2 мың гектар алқап жиналды, орташа өнімділік 13,2 ц / га құрады. Бұл туралы агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлады.
Өткен жылы диқандар 18 млн 585,1 тонна астық бастырған, ал биылғы жиналған өнім 2 млн 254,3 мың тонна артқан. Сондай-ақорташа өнімділік те өткен жылмен салыстырғанда өскен. Былтыр ол 12,2 ц / га болған. Жиналған алқап 574,8 мың гектарға ұлғайды.
Астық жинау бойынша Ақмола облысы көшбастап тұр. Бұл өңірде 5247,1 мың тонна астық жиналып, өнімділігі 11,8 ц / га болды.
Солтүстік Қазақстан облысының аграрийлері өнімділігі 15 ц / га болатын 4482,8 мың тонна астықты бастырды.
Қостанай облысында 4143,7 мың тонна жиналды, өнімділік 10,2 ц / га құрады.