"Негізі "Қазгидромет" ауа-райына қатысты жағымды болжам жасап отыр. Қазір егін егу кезеңі. Көктемгі қуаңшылық дегеннен өттік. Ауа райы қолайлы, жұмыс жүріп жатыр, ылғалдың жиналуы байқалады. Диқандардың ендігі міндеті – қысқы кезеңнен қалған ылғалды сақтап қалу”, – деді Азат Сұлтанов.
Оның айтуынша, бұл астық көлемінің арттыруға қолайлы болжам жасауға мүмкіндік береді.
"Аталған шараларды шаруалар жүргізді. Қазірдің өзінде бұл 1 гектардан 0,7 центнерге өнімділік артады деген болжам жасауға мүмкіндік береді, айтып отығанымыз ең төменгі көрсеткіш. Қабылданған шаралардың арқасында егіс алқаптары ылғалмен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етіледі", – деп қосты спикер.