Ауыл шаруашылығы министрлігі "қағазда" болған 5 млн мал кімдерге тиісілі екенін айтты

364

Есептен шығарылған мал басы жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі "қағазда" болған 5 млн мал кімдерге тиісілі екенін айтты Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда 2 млн-ға жуық бас ірі қара мал, шамамен 3 млн бас ұсақ мал, 3 млн тоннаға жуық сүт статистикалық есептен шығарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мұнда "приписка", деректерді өзектендіру қосалқы шаруашылық есебінен жүргізілді. Біз статистикалық деректерден жеке қосалқы шаруашылықтардың мәліметтерін алып тастадық. Өздеріңізге белгілі, мемлекеттік қолдау шарасы қосалқы шаруашылықтарға қарастырылмаған. Мемлекеттік қаржысы тиісті бағыттарға жұмсалмады деп айту дұрыс емес, себебі жеке қосалқы шаруашылықтар мемлекеттен көмек алмайды. Шаруа қожалықтары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мемлекеттен қолдау алады. Мал шаруашылығы өнімдері бөлігінде деректер өзектендірілді. Қазір өсімдік шаруашылығы өнімдеріне қатысты жұмыстар жүріп жатыр", - деді Ермек Кенжеханұлы Сенат кулуарында.

Вице-министр мал басын "қолдан жазғандар" статистикалық есеп қуалады деп отыр.

"Яғни, қандай да бір елдімекенде мал басы, шығарылған өнім жөнінен өсім бар екенін көрсету мақсатында болған. Мұнда басқа пайдакүнемдік мақсат жоқ деп ойлаймын", - деп нақтылады АШМ өкілі.

Айта кету керек, осыған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бес миллионнан астам мал қағаз жүзінде ғана болғанын айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу