2016 жылғы желтоқсанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік көрсетілітін қызметтер саны 84-тен 100-ге дейін өсті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
15 желтоқсанда өзектендірілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің мұндай кеңеюі Жер ресурстарын басқару комитетінің көрсетілетін қызметтері (бұдан бұрын ҚР Ұлттық экономика министрлігінде бекітілген болатын) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне бекітілгеніне және жаңа 2 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің:
– "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
– Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялаудың қосылуына байланысты болды.
Бұдан басқа, заңнамаға сәйкестендіру мақсатында "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізілімнен алынды.
Сонымен қатар, арнайы су пайдалану саласындағы үш қызметтері тізілімге енді және осы қызметтердің көрсетілу процесстерін оңтайландыру мақсатында "Арнайы су пайдалануына рұқсат беру" деген бір қызметке біріктірілді.
Сонымен қатар, "Несиелер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі тізілімге сәйкес министрліктен Астана мен Алматы қалалары және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына берілді.
Сонымен бірге, бұдан бұрын енгізілген өзгерістерге сәйкес, аталған субсидиялау бойынша өтінім қабылдау және нәтижесін беру, басқа да 8 субсидияларды қоса, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін болады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 100 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 57-ін министрлік, министрліктің ведомстволары және олардың аумақтық бөлімшемелері көрсетеді, ал 43-ін жергілікті атқарушы органдарымен көрсетеді.
Заңнамаға сәйкес қажетті нормативтік-құқықтық базаны өзектендіру жұмыстары басталды және төрт айдың ішінде жоғарыда аталған өзгерістер мемлекеттік көрсетілетін стандарттары мен регламенттерінде бекітілетін болады.