Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруаларды сақтандырудың жүйесін өзгертті

1525

2020 жылғы қаңтар айынан бастап "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңның күші жойылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруаларды сақтандырудың жүйесін өзгертті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген жаңа заң аясында егістіктерді міндетті сақтандырудың тиімсіз жүйесінің күші жойылды.

"Құжатта ауыл шаруашылық саласы өкілдерін қолдау мақсатында бірнеше нақтылы шаралар қарастырылып, шаруалар үшін міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға көшу жүйесі енгізіліп отыр",– делінген АШМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Министрлік елімізде осыдан 15 жыл бұрын енгізілген жүйе іс-жүзінде тиімсіз екенін көрсетті дейді. Сондықтан ведомство ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін өзгертудің жаңа тетіктерін әзірледі.

"Бұл өзгерістер 2019 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады",– дейді ведомстводан.

2020 жылғы қаңтар айынан бастап "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңы күшін жойып, өсімдік және мал шаруашылығы салаларында міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға көшу жүзеге асырылмақ.

Министрлік енді сақтандыруды субсидиялаудың орнына сақтандыру полистерін алуды субсидиялау жүйесін енгізді. АШМ "бұл фермерлерлердің шығындарын азайтып, сақтандыру жүйесі мен сақтандыру қаржыларын алу жүйесін ашық етеді" деп санайды.

Сондай-ақ, министрлік фермерлерге екінші деңгейлі банктерден несиелер алу барысында сақтандыру полистерін кепілдік ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін нормаларды қарастырып отыр.

Айта кету керек, ерікті сақтандырудың жаңа жүйесі электрондық платформада жұмыс істейтін болады. Сақтандыру келісімшарттарын жасау, субсидиялау, сақтандыру жағдайының орын алуы фактілерін анықтау және сақтандыру төлемдерін төлеу ақпараттық жүйе арқылы жүргізілетін болады. Бұл тәуекелдерді басқарудың ашық жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу