Ауыл шаруашылығы министрлігі: шегіртке жоқ

554

Жангелдин мен Амангелді аудандарының шаруаларын сілкіп алған қауіпті жәндіктер Наурызым ауданындағы егістікке жақындаған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі: шегіртке жоқ Фото: Ашық дереккөзден

Қоңсы ауылдарға да ауыз сала бастаған шегірткелер, тіпті, Ақтөбе облысына қарай ойысқан деген ақпараттар да шығып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Алайда Тобыл өңіріне барған Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мұны үзілді-кесілді жоққа шығарды. Сөздеріне сенсек, қаптаған шегіртке тек Жангелдин ауданына шабуылдаған.  Олар, тіпті, "мыңдаған гектар егістікті шегіртке жеп қойды" деген мәліметті жалған деумен әлек.

"Сонымен қатар басқа аудандарда: Денисовка, Наурызым, Амангелді аудандарында шегіртке тарап кеткені туралы өте көп ақпарат тарап жатыр. Отвественно заявляю, что ол жерде ешқандай шегіртке таралмаған. Жұмыстар атқардық. Ешқандай ол жерде шегіртке жоқ деп сеніммен айта аламын. Және осы Қостанай облысында, Ақтөбе облысында "шегірткенің тарап, егінді жерге түсіп кетіп пәленбай мың гектарды жеп жатыр"- дегені шындыққа жанаспайды", - деді ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қаныш Әлиев.

Шенеуніктің сөзіне күмән келтірсе, шегірткеден зардап шеккен шаруа қожалығының иесі айтуы керек еді. Алайда, министрлік өкілдері "10 мың гектар егіннен айрылдым" деген азаматтың "улау жұмыстарына байланысты өкпем жоқ" деген видеосын таратып үлгерді.

Қостанай облысында шегіртке басқан аумақ 400 мың гектардан асады екен. Аймақтағы лауазымды тұлғалар бүгінге дейін тиісті аумақтың 66 пайызын ғана улап үлгергенін айтады. Шегірткеден келген шығын енді есептеліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу