Ауыл шаруашылығы министрлігі сол жағалауға көшеді

1152

Ведомство басшысының айтуынша, тиісті қаржыны Үкімет бөлген. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі сол жағалауға көшеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Нұр-Сұлтандағы Министрліктер үйіне көшеді. Бұл туралы ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде журналист министрге "Биыл қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрлігі тендер өткізген. Нәтижесінде, бір дереккөзден 3,5 млрд теңгеге ғимаратты сатып алу туралы келісім жасаған. Ғимараттың ауданы – 4,5 мың шаршы метр. Бұл дерек рас па" деп сұрақ қойды.

Ербол Қарашөкеев министрлік сол жағалауға көшуді жоспарлап отырғанын айтты.

"Бізде барлық министрлік сол жағалаудағы Министрліктер үйінде отыр. Өкінішке қарай, бізде ол жаққа көшуімізге мүмкіндік болған жоқ. Біз қаржыны таптық. Үкіметке рақмет айтамын. Біз Министрліктер үйіндегі 3-кіреберіске көшуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, әріптестерімізге жақындаймыз, әрі жұмысқа келуге көп уақыт жұмсамаймыз. Біз отырған қазіргі ғимарат (Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары 36 – автор) мемлекет меншігіне беріледі", – деп түйіндеді сөзін ауыл шаруашылығы министрі.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу