Ауыл шаруашылығы министрлігі VetLab модулін сынақтан өткізді

476

VetLab модулі ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының зертханалық зерттеулері  бойынша ақпарат беруге арналған.  

Ауыл шаруашылығы министрлігі VetLab модулін сынақтан өткізді Фото: kazpravda.kz

Модульді іске қосу шеңберінде "Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру" ақпараттық жүйесінде жануарлардан алынған биологиялық және патологиялық материалдың сынамалары бойынша электрондық құжаттарды (ілеспе хат, сынамаларды іріктеу актісі және тізімдеме) автоматты қалыптастыру процестері, "VetLab" модулінде сынамаларды қабылдау және зерттеу нәтижелерін беру іске асырылды, деп жазады inbusiness.kz министрлікке сілтеме жасап.

Бұл ретте зерттеу нәтижелері "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі, бұл жануарларды диагностикалық зерттеулер бойынша деректерді уақтылы, толық енгізбеу факторын толығымен жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бүкіл ел бойынша зертхана диагностикалаған жануарлар ауруларының көруге мүмкіндік береді.

VetLab Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында пилоттық тестілеуден өтті. Оның қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың зертхана мамандары мен мал дәрігерлерінің ұсыныстары ескерілді.

Әзірлеушілер жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық дәрігерлерін, барлық облыстардың ветеринариялық зертханаларының мамандары мен ветеринариялық инспекторларын оқытуды жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу