Ауыл шаруашылығы министрлігінде бау-бақша шаруашылықтарының жол картасы жасалды

571

Ол 2024-2026 жылдарға арналған. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінде бау-бақша шаруашылықтарының жол картасы жасалды Фото: inbusiness.kz

Құжат әкімдіктердің қатысуымен жасалған. Қазір ол қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған. Ол 27 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Картаны іске асыру саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын толыққанды түгендеуге, сондай-ақ, саяжай алаптарының инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жол картасында облыс әкімдіктерінің саяжай алаптарындағы барлық жер учаскелеріне толық түгендеу жүргізу, саяжай алаптарының инфрақұрылым объектілеріне (оның ішінде жол, электр, ауыз су және суару суы) қажеттілігін айқындау, қоғамдық көліктің тұрақты қатынасын ұйымдастыру, саяжай кооперативтеріне мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу және өзге де шараларды іске асыру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу