Олжас Бектенов 1 ай ішінде жерді әділ бөлуге бағытталған бастама әзірлеуді тапсырды

158

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2 маңызды тапсырма жүктеді. 

Олжас Бектенов 1 ай ішінде жерді әділ бөлуге бағытталған бастама әзірлеуді тапсырды Фото: canva

Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2 ай ішінде мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу міндеттелді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Құжатта қаржыландыру көздері мен инвестициялық жобалардың тізбесі нақтылануы тиіс.

Сонымен қатар, ветеринариялық және фитосанитариялық стандарттарды жетілдіру қажет екені айтылды.

– Мал шаруашылығын дамыту бойынша жоспарды әзірлеу барысында аграрлық инфрақұрылымды, соның ішінде логистика орталықтарын, агрохабтарды және жеткізу жүйесін дамытуға назар аудару керек. Бұл ретте цифрлық технологияларды кеңінен енгізіп, отандық ғылымның әлеуетін пайдалану қажет, – деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов 1 ай ішінде жер ресурстарын әділ бөлуге бағытталған заңнамалық бастамаларды әзірлеуді тапсырды.

– Жерді тиімді пайдалану және әділ бөлу мәселесі – аса маңызды бағыт. Барлық процесс ашық өтіп, оның қорытындысы бойынша есеп берілуі керек. Бұл жұмыстар цифрлық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асуы тиіс. Сондықтан 1 ай ішінде нақты заңнамалық ұсыныстар дайындалуы қажет, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу