Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң құрылымы өзгередi

924

Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң құрылымы өзгередi

Сәуiр айында ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң құрылымы өзгередi. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бiрiншi вице-министрi Қайрат Айтуғанов сенатта өткен жиында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Бiз сәуiр айынан бастап жаңа мемлекеттiк бағдарламаға байланысты ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң құрылымын өзгертемiз. Бұрын бiзде 216 адам жұмыс iстеп, оның 37-сi кадрлық-әкiмшiлiк жұмыс департамент қызметкерi болса, яғни бұрын әкiмшiлiк жұмысқа басымдық берiлсе, ендi бiз осы бюджет және штаттық бiрлiктер аясында ауыл шаруашылығы кооперациясы және тиiмдi жұмыспен қамту департаментiн аштық", – дейдi Қайрат Айтуғанов.

Вице-министрдiң айтуынша, енді ауыл шаруашылығы саласына басымдық берiлдi. Сондай-ақ вице-министр кооперация туралы бағдарламаның ауылға берерi көп дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу