Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Ақтоғай ауданының кәсіпкерлеріне кеңес берді

1345

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Ақтоғай ауданының кәсіпкерлеріне кеңес берді

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің өкілі Марлен Оспанов Ақтоғай ауданының кәсіпкерлерімен кездесіп, шаруаларға бірлесіп кооператив құру жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында аграрлық салада жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлердің басын қосып, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құруға баса назар аударған болатын. Соған сәйкес ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері ақпан айының 1-нен бастап, 18-іне дейін барлық өңірлерді аралап, ауыл тұрғындарына кооператив құрудың тиімділігін және кооперацияарға мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Марлен Оспановтың айтуынша кооперацияларға бірігудің артықшылықтары өте көп. Бұл – бизнес әлеміне енді бет алған кәсіпкерлерді аяққа тұрғызып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетудің ең тиімді жүйесі.

"Бір кооператив құру үшін үш кәсіпкер бірігуі қажет. Яғни, барлығы осы ауыл шаруашылығы саласында бизнес ашуға ниеттеніп жүрген азаматтар болса нұр үстіне нұр. Егер, кооператив құрамында жұмыс істейтін болсаңыз, мемлекет тарапынан төмендетілген пайызбен несие алуға және басқа да қаржылай қолдауға тез ілінесіз. Мәселен, сүт қабылдау пунктін ашып, ауыл үйлерден сүт жинап оны фирмаларға таспсырып отыратын болсаңыз, бір лиртріне 10 теңге субсидия аласыз. Яғни, қайтарымыз қолдау қаржы.  Егер, ұсақ мал өсіретін болсаңыз бір қойға 1500 теңге, ал ірі қара мал бордақылап семіртіп, оны етке тапсырумен айналысатын адамға мемлекет бір басқа 20 мың теңге субсидия береді. Сонымен қатар, қораңыздағы ірі қара малдың санын көбейту үшін асыл тұқымды бұқа сатып алатын болсаңыз, оның жарты бағасын мемлекет төлейді.  Бұл жерде ескеру керек тағы бір талап бар. Мемлекет тарапынан субсидия, яғни қайтарымсыз қолдау қаражат алу үшін кооператив мүшелері 20-дан кем болмауы қажет. Мысалы, барлық мүшесін қосқанда 20-ға толатын төрт немесе бес отбасы бір кооператив ретінде құрылса болады", – дейді Марлен Оспанов.

Мамандардың айтуынша, кооператив құруға ниетті азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету үшін 8800 080 8010 нөмірлі байланыс орталығы құрылған. Осы көрсетілген нөмір арқылы мемлекеттік қолдаудың түрлер, қаржыландыру шарттары және кооперативке бірігудің артықшылықтары туралы толық мағлұмат алуға болады. Сонымен қатар, қажетті ақпараттарды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің mgov.kz және Fermers.kz сайттарынан да алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу