Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып жатыр

2335

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып жатыр

Облыста 27 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, Әділет басқармасынан тіркеуден өтсе, 23 ауыл шаруашылығы кооперативі қайта тіркеуден өтті. Бүгінгі таңда 700-ге жуық ұсақ шаруашылық пен жеке қосалқы шаруашылық мүшелері біріктіріліп 50 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды.

"Сонымен қатар, облыста сүт кластері бойынша 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, құрамына 57 шаруашылық біріккен. Сондай-ақ, егін шаруашылығы бағытында 36 кооперативінің құрамына 631 шаруашылық біріксе, мал шаруашылығы бағытында 6 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құрамына 68 шаруашылық біріккен", - делінген хабарламада.

"Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану есебінен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу" жоспары бойынша облыста сүт бағытында 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрамына 50 жеке қосалқы шаруашылық мүшелікке тіркелсе, ет бағытында 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрамына 116 жеке қосалқы шаруашылық бірікті.

Ағымдағы жылы облыс бойынша 40- ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру жоспарланып отыр. Оның ішінде 6-ы жеке қосалқы шаруашылықты біріктіру арқылы ет, сүт, көкөніс, құс шаруашылығы өсіру бағытындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру.

Осы орайда, жеке жоспарға сәйкес аудандарда ұсақ шаруашылықтарды жоғарыда аталған заң талаптарына сәйкес, ұсақ кооперативтер құрылымдарына біріктіру жұмыстарын жандандыру мақсатында ағымдағы жылы "Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми зерттеу институты" мамандарымен бірлесе отырып агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында құрылған кооперативтерге сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге және Шу ауданында көтерме-сауда орталығын ашуға жергілікті бюджеттен 16,7 млн. теңге қаражат қарастырылып жұмыстар жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу