Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортына қатысты ҚҚС тәртібі өзгерді

152

Аграрлық өнім экспортына қатысты ҚҚС нормасы жойылады.  

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортына қатысты ҚҚС тәртібі өзгерді Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 18-ші отырысында құжаттағы ең көп талқыланатын нормалардың бірі – нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және кәсіпшілік балық аулау өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл жерде әңгіме экспорт кезінде осындай өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын 80%-ға азайтуды көздейтін Салық кодексінің 484-бабының нормасы туралы болып отыр. Салалық қауымдастықтармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және экспорттаушылармен талқылау барысында экспорттық жеткізілімдер бойынша ҚҚС-ты толық өтеу мүмкіндігін сақтау отандық аграрийлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Жобалық кеңсе отырысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды деген шешім қабылданды. Яғни, Салық кодексінің 484-бабының осы нормасы жойылады. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі "пирамида әдісі" деп аталатын салықтық тексерумен расталады. Бұл тауар қозғалысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруашылығы өндірушісінен экспорттаушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтара алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу