Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті артады

1171

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті артады

2021 жылға қарай 500 мыңға жуық жеке қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа қожалықтары бірігіп, 1500 ауыл шаруашылығы кооперациясы құрылады. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Жасұлан Әбдіманап silteme.kz порталына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, мұның нәтижесінде, фермерлерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуге біріктіре отырып, қазақстандық өнімнің экспорттық әлеуеті артады.

"Жалпы, кооперативтерді құру бойынша қарқын жаман емес екенін байқауға болады. Сонымен бірге, тіркелген кооперативтердің барлығы дерлік ұсынылатын талаптарға сәйкес келе бермейді, ал жекелеген өңірлер бойынша жалпы жұмысты әлі де күшейте түсу қажет. Осындай кооперативтерді талаптарға сәйкес келтіру бойынша шаралар әкімдіктерге дейін жеткізілді және олар бойынша нақты жоспар жасалды", - деп атап өтті Жасұлан Әбдіманап.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай үстіміздегі жылдың ақпанында ауыл шаруашылығын дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу