Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 6,4%-ға ұлғайды

1587

Негізгі капиталға салынған инвестиция 501,6 млрд теңгені құрады. 

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 6,4%-ға ұлғайды

Өткен жылы мал шаруашылығы өнімін өндіру 4%-ға артты. Ал өсімдік шаруашылығының көрсеткіші 1,7%-ға қысқарды. Бұған ауарайының қолайсыздығы себеп болды. 

Мәжілісте өткен үкімет сағатында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндама жасап, осылай деді. 

Оның сөзінше, агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 6,4%-ға ұлғайған. 
"Агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің экспорты 6,4%-ға артып, 3,3 млрд долларды құрады", – деді министр.

Сапархан Омаровтың сөзінше, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 0,9%-ға өсіп, 5,2 трлн теңгеге жеткен. 

"Мал шаруашылығы өнімінің көрсеткіші 4%-ға өссе, өсімдік шаруашылығы керісінше, 1,7%-ға азайды. Ал ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 41,1%-ға ұлғайып, 501,6 млрд теңгені құрады", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу