Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 9,1 пайызға ұлғайды - АШМ

680

22,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бастырылды. 

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 9,1 пайызға ұлғайды - АШМ Фото: baq.kz

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені 2022 жылдың қорытындысы бойынша оң нәтижелер көрсетті. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 9,1 пайызға артып, 9,3 трлн теңгені құрады. Бұл өсім негізінен өсімдік шаруашылығы өнімінің өндіру көлемін 15 пайызға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Өткен жылы ауа райының қолайлы болуына байланысты егін жинау науқаны тоқтаусыз өткізіліп, жақсы өнім жиналды. Соңғы 10 жыл ішіндегі ең жоғарғы түсімдердің бірі алынды. 22,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бастырылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 39 пайызға артық. Бидайдың жалпы жиналуы 44 пайызға артып, 17 млн тоннаны құрады. Жалпы астықтың 80 пайыздан астамы жоғары сапалы екенін атап өткен жөн", - деді Әбілхайыр Тамабек АШМ кеңейтілген алқа отырысында.

Вице-министрдің сөзінше, орташа түсімділік гектарына 8,3 центнер болатын 2,8 млн тонна майлы тұқым бастырылған. Оның ішінде орташа өнімділік гектарына 10,9 центнер болатын 1,1 млн тонна күнбағыс бастырылды.

"Сондай-ақ 2022 жылдың қорытындысы бойынша "Қазақстан темір жолының" деректеріне сәйкес, астық баламасында 13,2 млн тоннадан  астам астық пен ұн, оның ішінде 10 млн тонна астық экспортталды. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Бұдан басқа 4 млн тонна картоп, 4,9 млн тонна көкөніс дақылдары жиналды. Жалпы алғанда әлеуметтік маңызды дақылдарды жалпы жинау қант қызылшасын қоспағанда республиканың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өткен жылы тұрақты карантиндік фитосанитариялық жағдай сақталды", - деді ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу