Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды

767

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды

22-23 сәуір күндері "Қазақстан" спорт кешені аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі күндік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жалпы құны 156 млн теңгені құрайтын 201 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылады. Оның ішінде 15 тонна жылқы еті, 7 тонна тауық еті, 11 тонна шұжық өнімдері, 21,2 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 6 тонна макарон өнімдері, 5,5 тонна өсімдік майы, 5 тонна қант, 0,5 тонна тұз, 7 тонна балық, 2,5 тонна бал, 2 тонна кептірілген жеміс және 103,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 10-15%-ға арзан сатып ала алады. Сондай-ақ бұл күндері өңірдің өнерпаздары астаналықтарға концерттік бағдарлама ұсынады.

Еске салсақ, ауылшаруашылық жәрмеңкелері қаланың ішкі нарығында бағаны тұрақтандыруға және отандық өнімдермен толтыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу