Ауыл шаруашылығы саласына 2,5 мыңнан астам маман жетіспейді

1022

Бірақ соған қарамастан аграрлық мамандықтар бойынша бітірген түлектердің тек 68 пайызы ғана жұмысқа орналасады екен.

Ауыл шаруашылығы саласына 2,5 мыңнан астам маман жетіспейді

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты осындай, деп хабарлайды 24.kz.

Яғни жыл сайын мемлекет есебінен оқытылатын 670-тен аса түлек жұмыссыз қалады. Бұл туралы бүгін парламент сенатының отырысында белгілі болды.

Сондай-ақ сенаторлар елімізде 700 мыңға жуық адам қант диабетіне шалдыққанын айтып, алаңдаушылық білдірді. Депутаттар сырқатпен күресу үшін резервтік инсулиндік қор құруды ұсынып отыр. Сондай-ақ, диабетке шалдыққан балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығын құру қажет деп санайды. Осы сынды ұсыныстар денсаулық сақтау министрінің атына жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу