Ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестиция көлемі 34%-ға өскен

2000

Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі әр жылда 3,3 пайызға өскен. 

Ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестиция көлемі 34%-ға өскен

Елімізде ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығы артып келеді. Салаға салынған инвестиция көлемі тоғыз айда 34%-ға өскен. Бұл туралы ranking.kz  хабарлады.

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешені – экономиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы. Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі әр жылда 3,3 пайызға өскен. Еліміздің табиғи ресурстары мен аграрлық өнеркәсіп кешені – мемлекеттің дамуының негізі. Қазір бұл саланы жандандыруға арналған бағдарламалар көбейіп келеді. Осылардың барлығы инвесторлардың қызығушылығын туғызып отыр. 

Ресми дерек бойынша, соңғы он айда ауыл, орман және балық шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 379,4 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 33,8%-ға артық. 

Ауыл шаруашылығына бөлінген инвестицияның барлық саладағы үлесі 2019 жылы 3,9%-ға дейін өсті.

Үкімет азық-түлік импортынан бас тартып, отандық өнімге деген ішкі сұранысты қамтамасыз етуге тырысып жатыр. ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсының мәліметіне сәйкес, 2024 жылға қарай елдің ішкі сұранысын қанағаттандыру үшін өнеркәсіптік сүт фермаларын, құс фабрикаларын, алма бақтарын ашу, қант зауыттарын салу және модернизациялау жоспарланған. Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешенінде 4,4 трлн теңге тұратын 113 инвестициялық жоба әзірлену сатысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу