Қазақ шаруалары Кореяның "ақылды" жылыжайлар салу тәжірибесіне қызығып отыр

353

Қазақстан жасанды интеллект, робототехника және биотехнологияларға негізделген оңтүстіккореялық инновациялық агротехнологияларды енгізуге мүдделі. 

Қазақ шаруалары Кореяның "ақылды" жылыжайлар салу тәжірибесіне қызығып отыр Фото: freepik

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корея бизнес форумында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаһандық энергетикалық ауысу жағдайында жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кеңеюі өзекті. Бүгінде Қазақстанның жаңартылатын энергетикасының айтарлықтай әлеуеті көптеген жаһандық ойыншылардың назарын аударып отыр. Тәжірибе алмасудан бастап нақты жобалар мен технологиялар трансфертін іске асыруға дейін осы бағытта оңтүстіккореялық компаниялармен өзара іс-қимылды жоспарлы түрде кеңейтуге ниеттіміз. Сондай-ақ, дәстүрлі энергия көздерін дамытуға мүдделіміз", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, "Doosan Enterbility" компаниясы Түркістан және Атырау облыстарында газ электр станцияларын салуды жоспарлап отыр. 

Бұдан басқа Мемлекет басшысы екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестігіне де тоқталды.

"Қазақстан күшті агроөнеркәсіптік кешенге ие әрі біздің ауыл шаруашылығы өнімі әлемнің 80-нен астам еліне экспортталады. Біз агроиндустриялық кешенді жоғары технологиялық салаға айналдыруға, жаңғыртуға ниеттіміз. Бүгінгі келіссөздер барысында Корея Республикасының Президенті тарапынан Қазақстанға ақылды фермалар, ауыл шаруашылығы фермалары қағидаты бойынша технологияларды беру бойынша ұсыныс айтылды. Меніңше, бұл өте жақсы ұсыныс және біз осы жобаны жүзеге асыру үшін жұмыс істейтін боламыз. Біз жасанды интеллект, робототехника және биотехнологияларға негізделген оңтүстіккореялық инновациялық агротехнологияларды енгізуге мүдделіміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу