Бұл туралы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Айболат Әбенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"2 904 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жеңілдікпен 80,6 млрд теңге қарыз берді. Өткен жылдағыдай "Кең дала" бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама бойынша қабылданған өтінімдер ақпан айынан бастап қаржыландырыла бастады. Өтінімдерді қысқа мерзімде мақұлдау шаруаларға айналым қаражатын толықтыруға, тұқым, гербицид, қосалқы бөлшек және оңтайлы сатып алу құны бойынша егіс жұмыстарына қажетті өзге де тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мүмкіндік берді", – деді басқарма төрағасы.
Қанат Махамбет