Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жаңа ережелер бойынша субсидия беріледі

704

Негізгі өзгерістер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялау бағыттары мен түрлеріне қатысты болады. 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жаңа ережелер бойынша субсидия беріледі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Орталық коммуникациялар қызметінде берген баспасөз мәслихатында АӨК саласын күтіп тұрған өзгерістер туралы айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, Президент Жолдауда берген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін жедел түрде нақты шаралар әзірленді.

Атап айтқанда, келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жаңа ережелер бойынша субсидия алатын болады.  Олар қазір арнайы құрылған жұмыс тобы аясында талқыланып жатыр. Негізгі өзгерістер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялау бағыттары мен түрлеріне қатысты болады.

"Мысалы, құрылыс-монтаж жұмыстарын субсидиялау бойынша 2 нұсқа қарастырылып отыр. Біріншісі Антикордың ұсынысы бойынша ҚМЖ субсидиялаудан бас тарту және оның орнына жабдықты субсидиялау нормативтерін арттыру. Екінші жолы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша алып тастап, ҚМЖ субсидиялаудан шығу", – деп атап өтті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу