Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру тетігі қысқа мерзімде қабылданады

671

Бұл бағдарламаға шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру тетігі қысқа мерзімде қабылданады

"Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға беру тетігінің негізгі тәсілдері келісілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға қатысты тапсырма берген болатын. АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік тапсырманы іске асыру бойынша "ӨКМ Операторының" қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасы сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие механизмін енгізуге қатысты кеңес өткізген. Осы кеңесте техниканы жеңілдікпен жалға беру тетіктері қарастырылып, келісілген.

"Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікті лизингке алу тетігін ағымдағы жылдың жаппай егін жинау жұмыстары басталғанға дейін, қысқа мерзімде қабылдау жоспарланып отыр. Бағдарламаның шарттары шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуын ынталандыруға бағытталады. Бұл бағдарламаға шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаржыландыруды "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдары жүзеге асыратын болады",- деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, шаруалар жақында ғана Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, дәл осы жеңілдетілген несие бағдарламасын шұғыл түрде іске қосуды сұрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу