Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі 1,7 есе артты

249

2025 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында 15,5 млрд теңгеге өнім өндірілген. 

Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі 1,7 есе артты Фото: pixabay.com

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Өндірістің нақты көлем индексі 161%-ды құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы "QazIndustry" АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.

Өсім негізінен астық жинайтын комбайндар өндірісінің 3,5 есеге, ал ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторлар өндірісінің 22%-ға артуының есебінен қамтамасыз етілді.

Өндіріс көлемі артқан өңірлердегі негізгі кәсіпорындар – Қостанайдағы "АгромашХолдинг" АҚ мен "Қостанай трактор зауыты" ЖШС, сондай-ақ Көкшетаудағы "Қазақстан Аграрлық Инновациялық Корпорациясы".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу