Ауыл шаруашылығы үшін 15 елден 66 жаңа технология іріктеліп алынды

1731

Ауыл шаруашылығы үшін 15 елден 66 жаңа технология іріктеліп алынды

Бүгін ҚР үкіметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесінде ұсынылған инновациялық технологияларды Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені саласында қолдану туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Спикердің айтуынша, "Экспо-2017" тек әлемдік энергетикада емес, сондай-ақ көптеген өзге салада да, соның ішінде агротехнологиялар саласында инновациялар алаңына айналды.

"ҚР АШМ аса қызықты жаңа технологияларды іріктеу мақсатында арнайы жұмыс тобын құрды. Бұл топ бірнеше рет ауыл шаруашылығы саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды таныстыруға қатысты семинарлар мен кездесулерге қатысты", — деді Гүлмира Исаева.

Қазақстанда қолдану ықтималдығымен ауыл шаруашылығы үшін 15 елден 66 жаңа технология іріктеліп алынды. Олардың арасында ауыл шаруашылығы шығындарынан энергия және жанғыш материалдар алу, балдыр биомассасын, тыңайтқыштар алу технологиялары, дәнді-дақылдар өсіру технологиялары, ауыл шаруашылығы аймақтары үшін бейне-мониторингтің пилотсыз авиациялық кешендерін пайдалану және т. б. инновациялық жобалар бар.

Іріктеліп алынған технологиялар ғылыми-сараптамалық баға алу мақсатында "ҰАҒБО" КЕАҚ салалық институттарына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу