Бағлан Бекбауов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Өмірбаяны
- 
	2006 ж. – жекеменшік компанияда бағдарламашы 
- 
	2008–2016 жж. – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ құрылымында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды 
- 
	2016–2017 жж. – коммерциялық ұйымның техникалық директоры 
- 
	2017–2020 жж. – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары 
- 
	2021 ж. қаңтар–ақпан – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары 
- 
	2021 ж. – жекеменшік компанияның бас директоры 
- 
	2021–2025 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі 
 
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        