Бұл жолы жәрмеңкеге Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарының тауар өндірушілері 205 тоннадан астам өнім жеткізді. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлайды.
- Астана қаласының ауыл шаруашылығы басқармасы халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыруда. Маусым басталғалы бері 6 өңірлік жәрмеңке өтіп, тұтынушыларға 754 тонна өнім ұсынылды. Шара 13 мамырдан 1-қазан аралығына дейін жалғасады. Осы аралықта 200-ден астам жәрмеңке ұйымдастырылып, оған әр өңір 3-4 реттен қатысады. Тауарлар базардағы бағадан 15-20% төмен. Жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасын тауып, апта сайын демалыс күндері өткізіледі, - дейді ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары.
Жәрмеңкені өткізуге дайындық тыңғылықты жүргізіледі. Сауда керуендері өңірлерден Елордаға күн бұрын келеді. Санитарлық талаптардың сақталуы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық өнімдер: ет, балық, сүт өнімдері сынды тауарларды ветеринарлық дәрігерлер жіті тексереді. Тек содан соң сауда сөрелеріне қоюға рұқсат.