Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 39 миллиард теңгеге несие берген

1076

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 39 миллиард теңгеге несие берген

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 9 айдың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды kazagro.kz.
"Осы жылдың 9 айында қор тарапынан 39 миллиард теңгеге 10 мыңнан астам несие берілді, - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров. – Жалпы, жыл соңына дейін ауылды шағын несиелеуге 41 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Шарт несие алушылар үшін өте тиімді: несиелеудің мерзімі – 6,5 жылға дейін, үстеме – жылдық 6% аспайды, тиімді сыйақы үстемесі – 6,7% дейін. Несиелеу мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін жеңілдетілген мерзім бекітіледі".

2017 жылы бағдарлама аясында ауылдық кәсіпкерлікті шағын несиелеуге 16,5 млрд теңге бөлініп, бүгінгі таңда оның 15,7 млрд теңгесі берілген. Одан бөлек 24,5 млрд теңге республикалық бюджеттен және қордың өз қаржысынан бөлінді. Жалпы, осы жылы ауыл тұрғындары мен ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бөлінген қаржы 41 миллиард теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 миллиард теңгеге артық.

Қазіргі таңда ауылшаруашылық кооперативтер мен олардың мүшелері белсенді қаржыландырылуда. "Ынтымақ" несиелік өнім аясында – ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімін шығару және сату бойынша кооперативтердің дамуына, "Береке" аясында - отбасылық мал бордақылау алаңдарына, "Игілік" бойынша - мал мен құстың басын сатып алу мен көбейтуге, "Ырыс" бойынша - отбасылық сүтті-тауарлы фермаларға несие бөлінуде. Осы бағыттар бойынша кооперативтер мен олардың мүшелеріне 20 млрд теңге бөлінді.
Қазіргі таңда қор "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік" бағдарламасымен бөлінген қаражаттың 95 пайызын игерді. Қалған 4 пайызға өтінімдер тіркелуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу