Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды

983

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың холдингтің еншілес компанияларының санын қысқарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ны (АШҚҚҚ) "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ға (АНК) қосу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды

"АНК-ға АШҚҚҚ-ның микробизнесті кредиттеу, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру функциялары және "Дипломмен ауылға" жобасы аясында "Ауылдық ипотека" бойынша агент функциялары, "Даму" қорына – кредиттерді кепілдендіру бойынша АШҚҚҚ функциялары берілетін болды. Қайта ұйымдастыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге АНК кең филиалдық желісі базасында "бір терезе" қағидаты бойынша кредиттер алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолданыстағы шарттары сақталады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу