Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры терминал арқылы төлемдерді енгізді

1277

 Банк кассалары арқылы қарызды өтеу үшін комиссия – 250 теңге, ал банкомат немесе терминал арқылы – 70 теңге алынады. 

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры терминал арқылы төлемдерді енгізді

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ қарыздарды өтеудің жаңа әдісін енгізді. Енді қордың қарыз алушылары "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның терминалдары, банкоматтары және интернет-банкинг жүйесі арқылы несиеге төлем жасай алады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 1 қазанынан бастап Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының клиенттері үшін қарызды өтеу тәртібін жеңілдететін механизмі іске қосылды.

"Республиканың барлық тұрғындары, аймаққа және тұрғылықты жеріне қарамастан, несиені ыңғайлы түрде өтей алады. Біздің компания "Банк ЦентрКредит" АҚ-мен бірлесе отырып, банк бөлімшелеріндегі терминалдар, банкоматтар және интернет-банкинг арқылы несиелерді өтеуге мүмкіндік беруді қарастырды. Бұл уақытты ғана емес, ақшаны да үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның бөлімшелері аудан орталықтарының көбісінде жұмыс істейді, оларда 694 банкомат және 94 терминал орнатылған", - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Құдасбаева.

Тарифтерді салыстырсақ, банк кассалары арқылы қарызды өтеу үшін комиссия – 250 теңге, ал банкомат немесе терминал арқылы – 70 теңге алынады. Интернет арқылы "Starbanking" жүйесі арқылы төлемдер ақысыз болады, ол үшін банкке өтінім жазып, логин мен парольді алуыңыз қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу