Ауыл шаруашылығын несиелендіру көрсеткіші төмендеді

1091

Аталмыш саланың қарыз портфелі бір жылдың ішінде 62,2%-ға қысқарған.

Ауыл шаруашылығын несиелендіру көрсеткіші төмендеді

Energyprom.kz жариялаған мәліметтерге сүйенсек, ауыл, орман, балық шаруашылығын несиелендіру бір жылдың ішінде 62,2%-ға, яғни 401 млрд теңгеге төмендеп, 2019 жылы шілде айының соңында 243,8 млрд теңгені құрады. 

Ал жалпы корпоративті несиелер 11,6%-ға, яғни, 925,9 млрд теңгеге қысқарған. Заңды тұлғалардың қарыз портфеліндегі ауыл шаруашылығын несиелендіру 8,1%-ға төмендеп, 3,4% деңгейінде тұрақтады. Бұл саладағы несиелердің 99%-ы егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, аң аулау мен осы бағаттар бойынша қызмет көрсетуге тиесілі. Ал қалған 1% балық және орман шаруашылықтарының еншісінде.  

Бір жылдың ішінде еліміздің 17 аймағының 8-інде несиелендіру көрсеткіші өскен. Бұл тізімде Ақтөбе облысы көш бастады. Аталмыш өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы қарыз портфелі 2,1 есеге артып, 6,7 млрд теңгеге жетті. Екінші орында несиелендіру көрсеткіші 45,6%-ға жоғарылап, жалпы қарыз сомасы 1,4 млрд теңгені құраған – Қызылорда облысы тұр. Үздік үштікті Алматы облысы қорытындылады. Бұл өңірде ауыл шаруашылығына несие алушылар саны бір жылдың ішінде 32,2%-ға артып, несиелердің жалпы сомасы 6,2 млрд теңгені құрады.  

Ал аталмыш салаға несие алу көрсеткіші ең төмен қалалардың бірі – Нұр-Сұлтан. Елордадағы бұл көрсеткіш 94,7%-ға кеміп, 19,5 млрд теңгені құраса, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында несие портфелі 2 есе азайды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу