Ауыл шаруашылығына инвестициялар тұрақты өсуде

1076

Бір жыл ішінде салаға салынған күрделі салымдар көлемі 50%-ға жуық өсіп, 600 млрд теңгеден асты.

Ауыл шаруашылығына инвестициялар тұрақты өсуде

Аграрлық сектор кез келген мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық маңызды саласы болып табылады. Мәселен, COVID-19 пандемиясы агроөнеркәсіп кешенінің қаншалықты маңызды екенін көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытуға жіті көңіл бөлінуде. Мұны басқалармен қатар инвестициялық белсенділік растайды. Жылдан жылға салаға инвестицияның қарқынды өсуі байқалады. Мәселен, биылғы он айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығына негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі бір жылда айтарлықтай 46,3%-ға өсіп, 603,4 млрд теңгеге жетті (бір жыл бұрын – 412,5 млрд теңге). Соңғы бес жылда инвестициялар жылына орта есеппен 24,3%-ға өсті.  

Сонымен қатар елдегі күрделі салымдардың жалпы көлеміндегі ауыл шаруашылығына салынған инвестицияның үлесі де айтарлықтай артып келеді. Бес жыл бұрын ол 3,6% болса, қазір 6,1%-ды құрап отыр.

Салада қаржыландырудың жетіспеушілігін ескере отырып, инвестициялық сегменттегі өсудің мұндай серпіні оң көрсеткіш болып табылады.  

Естеріңізге сала кетейік, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің көпшілігінің қызметіне қаржыландыру тапшылығы кедергі келтіріп отыр. Бұл ретте нарық қатысушыларының көпшілігі өндірісті қолдаудың негізгі көрсеткіші жеңілдетілген несиелер, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың басқа тетіктері болып табылатынын атап өтеді.

 Ауыл шаруашылығы субъектілері үшін жеңілдетілген несиелердің негізгі көзі Аграрлық несие корпорациясы (АКК) мемлекеттік мекемесі болып табылады. Корпорация агроөнеркәсіптік кешенге тиімді шарттармен – төмен пайыздық мөлшерлемемен және ұзақ мерзімге несие беруде. Сол арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға да өз үлесін қосуда.

Компанияның несиелік портфелі 2020 жылы 25%-ға дерлік өсіп, 449,2 млдр теңгеге жетті. Портфельдің басым бөлігі – шамамен 65%-ы ауылдық жерлерде ШОБ сегментін дамытуға бағытталған несиелер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу