Алдағы уақытта еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісіне нақты егіншілік технологиясы енгізіледі. Тың жүйе атауы бізге таңсық болғанымен, өзге шет елдерде қолданыста жүргеніне біраз уақыт болды. Технологияның артықшылығы жерді өңдеу, тыңайтқышты дәл себу сияқты істі ғылыми негізде жүргізуге мүмкіндік береді. Осы жүйемен жарақтанған комбайындар дақылдардың түсін анықтайды, қоректі элементтердің мөлшерін біліп отырады. Тіпті техниканы компьютер арқылы басқаруға болады. Бұл жанаржағармайды және минералды тыңайтқыштарды 30 пайызға үнемдеуге сеп. Осы технологияға ауыл шаруашылығы мамандарын бейімдеу мақсатында Агротехникалық университеті немістің КЛАСС компаниясымен бірлесіп, оқу ғимаратында нақты егіншілік орталығын ашты. Сондай-ақ, бүгін бірқатар халықаралық ғалымдардың басын қосып, конференция өткізді.
Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры:
"Біздің ауыл шаруашылық саласының бәсекелік қабілетін көтеру үшін, тиімділігін арттыу үшін біз әрине жаңа технологияларды қолдануымыз керек. Шетелден сол дамыған елдердің жүйесін қарайтын болсақ, олар баяғыда 3 д притинг, ЕС технологияны қолданып жатыр. осы жаңа технологияны әкеліп, зіміздің ғалымдарымыз трансферт ретінде көріп, өзіміздің жерімізге өндіріске бейімдеуіміз керек."