Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 88 млрд теңгені құрады

933

Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 88 млрд теңгені құрады

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев соңғы үш айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 47%-ға артқанын айтты.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 1,4%-ға өсіп, 88 млрд теңгені құраған.

"2018 жылы егістік жерлер көлемін 50,2%-ға (11,4 млн. га) қысқарту жоспарланып отыр. Мал шаруашылығында өткен кезеңде мал мен құс саны орта есеппен 4,1%-ға ұлғайды. Сондай-ақ өндірілген ет көлемі 4,8%-ға (345,1 мың тоннадан 361,6 мың тоннаға дейін), сүт 2,5%-ға (1942,9 мың тоннаға 1992,5 мың тоннаға), жұмыртқа 15,7%-ға (1896,1 млн. данадан 2194,4 млн. данаға дейін) артты. Қазіргі уақытта азық-түліктің негізгі 30 түрінің 25-і бойынша қамтамасыз етілуі 80%, ал кейбір түрлері бойынша 100% құрап отыр", - деді Арман Евниев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу