Ауыл шаруашылығында 21 млн тонна астық жиналды – Әлихан Смайылов

644

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2022 жылғы 11 айдағы негізгі даму көрсеткіштеріне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz. 

Ауыл шаруашылығында 21 млн тонна астық жиналды – Әлихан Смайылов Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысының дерегінше, қаңтар-қарашада экономиканың өсу қарқыны 2,7% деңгейінде болды.  Биыл қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 34%-ға өсіп, $111 млрд-ты құрады.  Экспорт 45%-ға, соның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35%-ға өсті. Биыл қараша айындағы жағдай бойынша Қазақстанда инфляция көрсеткіші 19,6%-ды құрады.

Әлихан Смайловтың айтуынша, елдегі инфляцияның шарықтауына геосаяси шиеленістің күшеюі, әлемдегі бағаның рекордтық өсуі, логистиканың бұзылуы және көрші елдерде кейбір тауарлардың экспортына уақытша шектеулердің енгізілуі ықпал етіп отыр.

"Қазіргі кезде Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда. Оның шеңберінде жедел және орта мерзімді іс-шаралар көзделген. Олар ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін арттыруға, тауарларды сақтау және тасымалдау тетіктерін дамытуға, бөлшек сауданы қолдауға бағытталған", — деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысының дерегінше, елімізде биыл 21 млн тонна астық жиналған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу