Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 6,1%-ға артты

102

Мақта жинау бойынша жоғары көрсеткіштер күтілуде.

Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 6,1%-ға артты Фото: baq.kz

Екінші жыл қатарынан дәнді дақылдардың рекордтық өнімі қамтамасыз етілді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Министрдің сөзінше, ауыл шаруашылығы маусымдық өсу кезеңіне енді. 

"Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 6,1%-ға артып, қаңтар-қазанмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа жеделдеді. Өсу өсімдік шаруашылығындағы көлемнің 7,6%-ға ұлғаюымен қамтамасыз етілді, бұл қолайлы ауа-райы мен дәнді және майлы дақылдардың жоғары өнімділігіне байланысты. Екінші жыл қатарынан дәнді дақылдардың рекордтық өнімі қамтамасыз етілді. Өнім көлемі – шамамен 27 млн тонна", – деді Серік Жұманғарин.

1 млн тонна көлемде бұршақ дақылдарының және 4,7 млн тонна көлемде майлы тұқымдардың рекордтық өнімі алынды. Мақта жинау бойынша жоғары көрсеткіштер күтілуде.

"Жалпы сала бойынша ең жоғары өсуді Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті. Барлық 7 негізгі көрсеткіш бойынша өсу 12 өңірде тіркелді. Атырау облысында 3 көрсеткіш бойынша төмендеу бар", – деп атап өтті вице-премьер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу