Ауыл шаруашылығының вице-министрі тағайындалды

885

Ол 2019 жылдың сәуірінен бастап "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ басқарушы директоры лауазымын атқарған.  

Ауыл шаруашылығының вице-министрі тағайындалды

Нұрбек Дайырбеков ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұрбек Слямханұлы Дайырбеков Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы 11 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Ленин комсомолы атындағы Новосібір мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, соның ішінде "Ақ-Бидай" ЖШС-де жұмыс істеген.

1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы Мемлекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациясында жұмыс істеген. Сатып алу және өткізу басқармасының басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бас маманы, Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2002-2006 жылдары – "Агронефтеснаб" ЖШС директоры.

2006-2009 жылдары "Қазақстан астық компаниясы" ЖШС бас директоры қызметін атқарған.

2010-2012 жылдары –  "Green Energy Almaty" ЖШС директоры.

2012-2016 жылдары –  "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ басқарушы директоры – коммерциялық директоры.

2016-2019 жылдары –  "Samal Trans" ЖШС директорының кеңесшісі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу