Ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауға жұмсалған шығындарды өтеу ережелері жеңілдетіледі

793

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауға жұмсалған шығындарды өтеу ережелері жеңілдетіледі

Сауда министрлігі отандық өңделген тауарларды қолдау, шығындарын өтеудің қолданыстағы ережелеріне бірқатар түзетулер енгізді. Атап айтқандай, өтемақы алу үшін бұдан әрі жол жүру парағын, түрлі анықтамаларды, фотосуреттерді және басқа құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

"Саудагерлер мен дистрибьюторлар, сондай-ақ өңделген тауарларды экспорттайтын ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері шығындардың бір бөлігін өтей алады", - деп хабарлады министрлік.

Аталған жағдайда сыртқы нарықтағы бөлшек сауда сөрелерін жалдау ақысын төлеуге кеткен шығындар; шетелдік форумдар, байқаулар мен конгресстерге қатысу шығындарының бір бөлігі; жүктерді өз көлігімен тасымалдау шығындары, сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынама үлгілерін жеткізу барлығы өтелетін болады. Сонымен қатар, экспорттаушыларға шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден және инспекциядан өтіп, шет елдердегі айрықша құқықтар объектілерін пайдалануға (франчайзингке) рұқсат алу рәсімдерімен байланысты шығындардың бір бөлігі өтеледі.

Шығындардың бір бөлігін өтеп алу үшін  отандық өндірушінің мәртебесін растайтын құжатты ұсыну керек. Бұл өнеркәсіптік сертификат, сәйкестік туралы декларация, шығу тегі туралы сертификат, ветеринарлық сертификат және т.б.

Сауда министрлігі сонымен қатар стандарттау үшін тауарларды жеткізу шығындарының бір бөлігін өтеу шегі ағымдағы қаржы жылына бөлінген қаражат көлемінің бұрын көрсетілген 1/50 орнына 75 мың АЕК-ке (208,35 млн. теңге) дейін өзгертілгенін атап өтті. Осылайша, кепілдендірілген өтемақының мөлшері бюджетке байланысты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу