"Ауыл" төрағасы Мемлекет басшысына партияның ұсыныстарын жеткізді

793

Қазақстан Президенті "Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады.

"Ауыл" төрағасы Мемлекет басшысына партияның ұсыныстарын жеткізді

Кездесу барысында Әли Бектаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа партия мүшелерінің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен Президенттік кадр резервін құру, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі бастамаларды толық қолдайтыны айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, еліміздің ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қолдау көрсету мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, Әли Бектаев бұл саладағы жүйелі қаржыландыру үдерісін реформалауға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Партия басшысы Президенттің ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістік алқаптарын нақты іспен айналысатын шаруаларға беру туралы тапсырмаларының өте өзекті екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысына "Ауыл" партиясының ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту, шалғай елдімекендерді өркендету мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу