Кәсібін өрге домалатып, тірлігі оңалған ауыл расында көпке үлгі. Күні кеше ауылдың 60 жылдығын атап өткен жергілікті тұрғындар өскен ел мен туған жерге құрмет көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Жұмат Шанин ауылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында орналасқан. Аудан орталығынан оңтүстікке қарай 43 шақырымда орын тепкен Күркелі ауылдық округінің орталығы. Елді мекен тұмса табиғатымен қатар тума талантарымен де көпке танымал. Алаш ардақтыларының бірі Жұмат Шанин осы өлкеде дүние есігін ашқан. 30 жылдан бері ұлы тұлғаның туған топырағы өз есімімен аталады. Ал сол ауылдың бүгін іргетасы қаланып, бой түзегеніне 60 жыл толып отыр.